Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Атақты велошабандоз «Комсомольская правдамен» соттасуда

30 қаңтар 2024

Бүгін, 30 қаңтарда Астана қаласының соты «Комсомольская правда Казахстан» журналисі Михаил Васильевтің және «Издательский дом «New Media Group» ЖШС-нің «Астана» велокомандасының бас менеджері (Astana Qazaqstan Team) Александр Винокуровтің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап бойынша Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешіміне шағымын қарады.


Арыз 2022 жылы жарық көрген екі мақала – «Опять «двойка» (2022 ж. 2 наурыз) және «Козни «Астаны» (2023 ж. 16 наурыз) бойынша берілген. Мақалада велокоманданың негізгі қаржылық делдалы ABACANTO S.A.-ның қаржылық қызметі Люксембургте тексеріліп жатыр, ал күдіктілердің бірі ретінде Александр Винокуровтың аты аталған.


Винокуров күдікті деген ақпаратты шындыққа жанаспайтын және оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпарат деп тануды талап етті. Ол ақпаратты теріске шығаруды және өтеу ретінде баспа үйі мен журналистен 2 миллион теңге моральдық шығын өндіріп беруді талап етті.


Журналист пен редакция сотқа «Astana» велокомандасының тең иесі – канадалық Premier Tech компаниясының Александр Винокуровқа және Қазақстанның мемлекеттік органдарына «ABACANTO S.A.» қызметінде аудит арқылы анықталған заң бұзушылықтар туралы хаттардың көшірмелерін ұсынды. Сондай-ақ аудиторлық қорытындының көшірмесі ұсынылды, онда компанияның төлемдерінің негіздемесі жоқтығы көрсетілген. Редакция сондай-ақ Люксембург соты Полициясының Сот қызметі тергеушісінің «Комсомольская правда Казахстан» сауалына берген жауабын келтірді, онда (сот шешімінен үзінді): «Тергеу құпиясы себепті біз Сізге барлық қадамдарды айта алмаймыз, бірақ бұл қадамдардың кейбірі аталған заң бұзушылыққа қатысы болуы мүмкін адамдардың, соның ішінде Александр Винокуров мырзаның пікірін тыңдауды қамтиды» делінген.


2023 жылдың 23 қарашасында бірінші сатыдағы сот мақалалардың даулы үзінділерін іскерлік беделге нұқсан келтіреді, шындыққа жанаспайды деп танып  жоққа шығаруға міндеттеді. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша журналистер А. Винокуровқа 200 мың теңге көлеміндегі моральдық зиянды өтеуі тиіс.


Бүгін апелляциялық сот отырысында журналист пен оның өкілі мақалада көрсетілген ақпарат талапкердің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмейтінін, сондықтан теріске шығаруды жариялауға болмайтынын мәлімдеді. Сөздерін растау үшін олар филолог маманның қорытындысын ұсынды. Алайда апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып, процеске қатысушыларға мұны түсіндірмеді. Журналист өз уәждері неге ескерілмей қалғанын түсіну үшін жазбаша шешімді күтуге тура келеді.
«Әділ сөз» қоры бұл істі әрі қарай назарда ұстайтын болады.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз