Журналист Кундызай Калауова против Онгара Тажиева и газеты «Онтустик таны» (на каз.яз.)

Алматы қ.

07 қазан,  2010 ж.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры жанындағы ақпараттық таластар бойынша Қоғамдық сараптама орталығының жетекшісі Г.Х.Аженованың 30 қыркүйек 2010 жылғы тапсырысымен ...  ғылыми дәрежесі мен атағы, аты-жөні (мамандығы: 10.02.06 ­ түркі тілдері, ғылыми стажы − ... жыл) ұсынылған деректерге түсінік беру мақсатында арнайы лингвистикалық танымдары негізінде келесі сұрақтарға зерттеу жүргізді.

Түсінік беру үшін қойылған сұрақтар:

1. Әділ Мұратбеков деген псевдонимді қолданған Оңғар Тәжиевтің «Оңтүстік таңы» газетінің 26-ақпан 2010 жылғы 8-9 нөмірінде жарияланған «Сотта біз жеңдікті ұрандатқан» «Замананың» «қожайыны» заманының қандай болатынына көзі жете ме?» және осы газеттің 12-наурыз 2010 жылғы 11 нөмірінде жарық көрген «Баланың зары емес жала үні жазғаны «Замананың» деген мақалаларында талапкер Құндызай Қалауова туралы қандай мәліметтер қамтылған және ол мәліметтер қандай формаларда (тұжырым, болжам, ) берілген?

2. Әділ Мұратбеков деген псевдонимді қолданған Оңғар Тәжиев талапкер Құндызай Қалауованың ар-намысы, абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіру ниетін көздеген бе?

Зерттеу нысаны және істің материалдары:

1. Талапкер Құндызай Қалауованың талап-арызының ксерокөшірмесі – 5 бет.

2. Жауапкер Әділ Мұратбеков деген псевдонимді қолданған Оңғар Тәжиевтің «Оңтүстік таңы» газетінің 26-ақпан 2010 жылғы 8-9 нөмірінде жарияланған «Сотта біз жеңдікті ұрандатқан» «Замананың» «қожайыны» заманының қандай болатынына көзі жете ме?» мақаласының ксерокөшірмесі – 1 бет.

3. Жауапкер Әділ Мұратбеков деген псевдонимді қолданған Оңғар Тәжиевтің «Оңтүстік таңы» газетінің 12-наурыз 2010 жылғы 11 нөмірінде жарық көрген «Баланың зары емес жала үні жазғаны «Замананың» мақаласының ксерокөшірмесі – 1 бет.

4. Талапкер Құндызай Қалауованың «Замана» газетінің 26.10.2009 ж. №43 (537) санында жарияланған «Шарамыга... Хайуан... Есек... оқушыны осылай атауға бола ма?» мақаласының ксерокөшірмесі – 1 бет.

5. Талапкер Құндызай Қалауованың «Замана» газетінің 02.11.2009 ж. №44 (538) санында жарияланған «Бала қандай тәртіпсіздігі үшін мектептен шығарылады?» мақаласының ксерокөшірмесі – 1 бет.

4. Талапкер Құндызай Қалауованың «Замана» газетінің 16.11.2009 ж. №46 (540) санында жарияланған «№38 мектеп не үшін тексерілді?» мақаласының ксерокөшірмесі – 1 бет.

5. «Замана» газетінің 14.12.2009 ж. №50 (544) санында «Замана» газетінің редакциясы тарапынан жарияланған «Масқара болдық... Тәніміз қиналды...» Айжан Күрішбаева ендігі жерде бастығымен қосылып, 1 миллион теңгеден санап алсақ дейді» мақаласының ксерокөшірмесі – 1 бет.

5. Шымкент қаласы №38 мектеп-гимназия директоры міндетін атқарушы М. Сейітқожаевтің «Оңтүстік таңы» газетіне жазған өтініш хатының ксерокөшірмесі – 1 бет.

6. №38 мектеп-гимназиядағы жағдайды тексеріп, мемлекеттік органдардың «Замана» газетіне берген жауаптарының ксерокөшірмесі – 4 бет.

7. №38 мектеп-гимназия оқушысы Е. Битастың анасы З. Битасованың түсінігінің ксерокөшірмесі – 1 бет.

8. Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының №38 мектеп-гимназия ұстаздарының талап-арызына сәйкес қозғалған №2-1165 Ісі бойынша 12.05.2010ж.  шешімінің ксерокөшірмесі – 4 бет.

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

1. Әділ Мұратбеков псевдонимді Оңғар Тәжиевтің «Оңтүстік таңы» газетінің 26-ақпан 2010 жылғы 8-9 нөмірінде жарияланған «Сотта біз жеңдікті ұрандатқан» «Замананың» «қожайыны» заманының қандай болатынына көзі жете ме?» және осы газеттің 12-наурыз 2010 жылғы 11 нөмірінде жарық көрген «Баланың зары емес жала үні жазғаны «Замананың» деген мақалаларында талапкер Құндызай Қалауова туралы қандай мәліметтер қамтылған және ол мәліметтер қандай формаларда (тұжырым, болжам, ) берілген?

Әділ Мұратбеков псевдонимін қолданған Оңғар Тәжиевтің «Оңтүстік таңы» газетінің 26-ақпан 2010 жылғы 8-9 нөмірінде жарияланған «Сотта біз жеңдікті ұрандатқан» «Замананың» «қожайыны» заманының қандай болатынына көзі жете ме?» мақаласында талапкер Құндызай Қалауоваға тікелей қатысты мәліметтер төмендегі сөйлемдерде берілген:

а) «Замананың» тілшісі Қ. Қалауова «мектептен жәбір көрген» 9 сынып оқушысымен тілдеспей-ақ, елді дүрліктіріп «Шарамыга... Хайуан... Есек...» атты мақала жариялай салады. Мұнда шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер берілмеген: бірінші, «Замана» газетінің 26.10.2009 ж. №43 (537) санында талапкер Құндызай Қалауованың «Шарамыга... Хайуан... Есек... оқушыны осылай атауға бола ма?» мақаласының жарияланғаны ақиқат, яғни мұны теріске шығаруға келмейтін аксиома деуге болады. Екіншіден, талапкер Құндызай Қалауова аталмыш мақаласында  9 сынып оқушысы Ермек Битаспен («мектептен жәбір көрген») тілдесе алмағанын өзі растайды: «Біз К. Битаспен әңгімеден кейін №38 лицей-гимназияға барып, Ермектің өзіне жолықпақ болдық. Алайда олардың сабағы бітіп, Ермек үйіне кетіп қалған екен» («Замана» газеті 26.10.2009 ж. №43 (537). Сөйтіп, бұл сөйлемде шындыққа сәйкес деректі мәлімет тұжырым түрінде берілген. Алайда бұл сөйлемдердегі тілдеспей-ақ, елді дүрліктіріп, жариялай салады тілдік бірліктері талапкер Қ. Қалауоваға қатысты жағымсыз коннотацияны білдіреді. Коннотация  (лат. connotation, connato – қосымша) – тіл бірлігінің эмоциялық, бағалауыштық немесе стилистикалық реңкі [1]. Тілдеспей-ақ сөзіндегі ақ модальдық шылауы, елдің тыныштығын бұзу мағынасындағы дүрліктіру етістігі, сондай-ақ іс-әрекеттің әп-сәтте, асығыс орындалғанынан хабардар ететін жариялай салады тіркесі автордың  талапкер Қ. Қалауованың мақаласына байланысты субъективтік жағымсыз эмоционалды бағаны қамтып тұр. Бұл субъективтік жағымсыз эмоционалды баға талапкер Қ. Қалауованың қоғамдық-моралдық қағидаларды бұзғандығы тұрғысындағы ақпарат ретінде қабылдана алмайды.

ә) Бұл – «Замананың» Қ. Қалауовасының да, «қожайын» Иса Тасқұловтың да тап-таза екенін көрсетпейді сөйлемінде талапкер Қ. Қалауованың қоғамдық-моралдық қағидаларды бұзғандығы тұрғысында нақты дерек келтірілмеген, ол туралы ой эксплицитті (анық, айқын я ашық) білдірілмеген, алайда осы сөйлемнің алдыңғы абзацпен байланысты екені бұл дейксисі арқылы түсініліп тұр: «... «Жәбірленуші» делінетін оқушы ұстаздарын айыптап сөз сөйлемеген. Олай болса, соттың әділ шешімі шығады деп ойлайсыз ғой. Жоқ. ... Яғни, мақалалардағы мағлұматтар теріске шығарылмай жатып, ... моралдық зиянның орнын толтыруды талап етуін сот негізсіз және мерзімінен бұрын қойылған талап деп табады» негізінде талап арызды қанағаттандырмайды. Бұл – «Замананың» Қ. Қалауовасының да, «қожайын» Иса Тасқұловтың да тап-таза екенін көрсетпейді» түрінде логикалық байланыста табыла келіп, талапкер Қ. Қалауованың әрекеттері туралы күманды ойға жетелейді. Алайда, мұнда тұжырым орын алмаған, автордың сот шешіміне байланысты туған өзіндік болжамы есебінде ғана қабылданады, себебі Қ. Қалауованың «тап-таза емес» екенін айғақтайтын ешбір дәйек келтірмеген. Осы жағынан алғанда, оқырманға бұл сөйлемнің ықпал ету деңгейі аса төмен, талапкер Қ. Қалауованың қоғамдық-моралдық қағидаларды бұзғандығы тұрғысында оқырманның тұжырым жасауы үшін жеткіліксіз.

Талапкер Қ. Қалауоваға жанама түрде қатысты жағымсыз мәліметтер: а) Қаладағы №38 мектеп-гимназияда ... ұйымшыл ұжымға «Замана» газетінің бір бүйірден келіп тиісуін кездейсоқтық дей алмаспыз. Бұл сөйлемде №38 гимназияға «Замана» газеті соқтықты я тиісті деген тұжырым бар, өйткені сөйлемнің «тиісуін кездейсоқтық дей алмаспыз» прессупозитивті бөлігінде алдыңғы ситуация туралы мәліметтің ақиқаттығы – газеттің гимназия туралы сын жазғанын растайды, алайда «бір бүйірден тиісті», яғни жөнсіз соқтықты мағынасында жағымсыз коннотацияны – бағалау семантикасын қамтиды. Ал осы сөйлемнің «кездейсоқтық дей алмаспыз» деген бөлігі болжам болып табылады, яғни кездейсоқтық дей алмайды, бірақ басқа деп те анық тұжырым білдірмейді; ә) «осы газетте ұстаздарды негізсіз де, дәйексіз қаралаған материалдарды үсті-үстіне жариялапты» – Мұнда дерек туралы ақпарат тұжырым түрінде берілген. Жариялапты етістігінің құрамындағы –п көсемшесі басқа субъектінің тарапынан жасалған бұрынғы өткен шақта болған іс-әрекетті білдіреді. Аталмыш газеттің №38 мектеп-гимназияда кейбір оқытушылар тарапынан орын алған келеңсіздіктер туралы сын жазғаны расталғанымен, негізсіз, дәйексіз тұрғыдағы бағалау толықтай орынды болып табылмайды. Өйткені сын-мақалада көрсетілгендей, «жәбірленуші» оқушының әпкесі – К. Битастың редакцияға хабарласуы сынның жазылуына негіздеме болады.

Ал талапкер Құндызай Қалауованың сын-мақаласының дәйектілігіне келгенде, онда дәйекті де, сонымен бірге дәйексіз де мәліметтердің орын алғаны көрінеді. Мысалы, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының №38 мектеп-гимназия ұстаздарының талап-арызына сәйкес қозғалған №2-1165 Ісі бойынша 12.05.2010ж. шешімінде талапкер Құндызай Қалауованың «Шарамыга... Хайуан... Есек... оқушыны осылай атауға бола ма?» сын мақаласында берілген («Замана» газеті, 26.10.2009 ж. №43 (537)) кейбір мәліметтердің шындыққа сәйкестігі көрсетілген: «... мектеп оқушысы Е. Битасқа балағат сөз айтқан математика мұғалімі Б. Тәжиева Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің бабының бөліміне сай жұмыстан босаған».

Сондай-ақ, дәйексіз мәліметтер туралы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының №38 мектеп-гимназия ұстаздарының талап-арызына сәйкес қозғалған №2-1165 Ісі бойынша 12.05.2010ж. шешімінде көрсетіледі: «Замана» газетінде Н. Ондасынов атындағы №38 гуманитарлық мектеп-да     сыз   Газет Бұл жағымсыз мәліметтер қаладағы №38 гимназия-мектебінде оқушылардан ақша жиналады, мектеп оқушысы Е. Битасқа бірнеше мұғалім қыр соңына түсіп алып мектептен шығарамыз деген, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Күрішбаеваның оқушыларды айғайлап, балағаттайтынды деген, тәртіп қорғаушысы саналатын «охранниктің» өзі үнемі ішіп, балалармен төбелесіп жүреді деген ақпаратты шындыққа жатпайды деп табуға.

Сөйтіп, «осы газетте ұстаздарды негізсіз де, дәйексіз материалдарды жариялапты» сөйлемінде шындыққа ішнара сәйкес дерек туралы жағымсыз  ақпарат тұжырым түрінде берілген.

Және талдауға алынып отырған – «осы газетте ұстаздарды қаралаған материалдарды үсті-үстіне жариялапты» сөйлемінде жоғарыда көрсетілгендей, шындыққа ішнара сәйкес дерек туралы тұжырымда негізсіз, дәйексіз деген жағымсыз бағалаумен бірге, тағы да қаралаған (материал) және үсті-үстіне жариялаған түріндегі жағымсыз коннотацияны қамтыған бағалаулар орын алған.

Талапкер Қ. Қалауованың мақаласындағы сот тарапынан шындыққа сәйкес емес деп анықталған мәліметтер (тәрбие жөніндегі меңгеруші А. Күрішбаеваға және т.б. қатысты жағымсыз мәліметтер) оқушылардың аузынан жазылғаны көрсетілген. Және Қ. Қалауова мақаласында оқушылардан алынған осы мәліметтің шындыққа жанасымдылығына өзі де күман келтірген: «Осылайша Айжан Күрішбаева өзін барынша ақтауға тырысып бақты. Бірақ біз тілдескен оқушылар да жалған сөйлемеген сияқты еді. Сонда бұл жерде кім өтірік айтып отыр?» («Замана» газеті, 26.10.2009 ж. №43 (537).

Сондықтан талапкер Қ. Қалауованың өзі де сенімді емес жағымсыз мәлімет туралы тұжырымды БАҚ-ында жариялауын автор я жауапкер – О. Тәжиевтің «қаралау» ретінде бағалауына негіз бар.

Сонымен бірге БАҚ туралы Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстандағы медиа қызметті реттеуші заңнамалық ережелер (қағидалар) бойынша БАҚ туралы заңдарды бұзу үшін жауапкершілік тұрғысындағы 7 тарау 26 бапта «Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату үшін жауапкершіліктен босатылатын реттер:

Бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін:

1) егер бұл мәліметтер ресми хабарлар мен құжаттарда айтылған болса;

2) егер олар жарнама және ақпарат агенттіктерінен немесе мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінен алынса;

3) егер олар өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының және азаматтардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;

4) егер олар алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде айтылса;

5) егер бұл мәліметтер осы Заңның 18-бабына сәйкес міндетті хабарларда айтылса, бас редактор (редактор), сондай-ақ журналист жауапты болмайды [2] деп көрсетілген.

Яғни, БАҚ туралы Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстандағы медиа қызметті реттеуші заңнамалық ережелері (қағидалар) бойынша БАҚ туралы заңдарды бұзу үшін жауапкершілік тұрғысындағы 7 тарау 26 бапта «Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату үшін жауапкершіліктен босатылатын реттер қатарында дұрыстығы я анықтығы тексерілмеген мәлімет және сенімсіз дереккөздерден алынған мәліметтер көрсетілмеген.

Үсті-үстіне жариялаған тіркесі қаралаған материалдар тіркесімен мағыналық байланыста табылуына орай жағымсыз коннотацияға ие болып тұр. Бұл «қаралаған материалдарды үсті-үстіне жариялаған» түріндегі жағымсыз бағаны қамтыған тұжырым «Замана» газетінің бірнеше санында №38 мектеп-гимназияның тәрбие жөніндегі меңгерушісі А. Күрішбаева, мектеп директорының міндетін атқарушы М. Сейітқожаев және басқа тұлғалар туралы жарық көрген сыни мақалалар негізінде расталады: Талапкер Құндызай Қалауованың «Замана» газетінің 26.10.2009 ж. №43 (537) санында жарияланған «Шарамыга... Хайуан... Есек... оқушыны осылай атауға бола ма?» мақаласынан кейін осы аталмыш газетте Ж. Айнатас псевдонимімен талапкер Қ. Қалауованың «Бала қандай тәртіпсіздігі үшін мектептен шығарылады?» («Замана» газеті, 02.11.2009 ж. №44) және «№38 мектеп не үшін тексерілді?» («Замана» газеті, 16.11.2009 ж. №46) мақалаларында аталмыш тұлғалардың әрекет-қадамдары әркез жарияланып отырған.

«Замана» газетінің 14.12.2009 ж. №50 (544) санында «Замана» газетінің редакциясы тарапынан жарияланған «Масқара болдық... Тәніміз қиналды...» мақаласында: «Масқара болдық» дейді. «Абырой-атақтан айырылдық» дейді». Сондай-ақ олар: «Тәніміз қиналды» дейді.

Тәндері қалай қиналды екен? Екеуінің де тәндері бірдей қалайша қиналған?

Бұл жері олардың өздеріне болмаса, бізге түсініксіздеу болып тұр» – Бұл үзіндіде жеке тұлғалардың қоғамда атқаратын міндеттері я елге көрсететін қызметтері тұрғысынан емес, жеке басылық істеріне күман тудыру, келемеждеу орын алған. Себебі «тәні қиналу» абстрактілігімен, яғни ішкі күйзеліс ретінде анықталады, сондықтан «Тәндері қалай қиналды екен? Екеуінің де тәндері бірдей қалайша қиналған?» сөйлемдері жауап қажет ететін тура мағынадағы сұраулы сөйлем деп қабылданбайды, мақала авторларының аталмыш тұлғаларға байланысты күманды ойларын білдіреді.

Бұл «Масқара болдық... Тәніміз қиналды...» мақаласы «Замана» газетінің редакциясы тарапынан жарияланса да, ондағы мына контекст – «Екіншіден, ол екеуін абырой-атақтарынан айыратындай біз не істедік? Қандай артық-ауыз әңгіме айттық? Біз жазсақ, нақты адамдардың сөзін жарияладық. Әділдікке араша болдық. Әлсіздің сөзін сөйледік. Мұны кез келген жерде дәлелдеп бере аламыз. Тіпті одан да зор фактілерімізді келтіруге дайынбыз. Ол екеуіне сол керек пе сонда?» – мектепте орын алған келеңсіз фактілер негізінде алғашқы сыни мақаланы жазған Қ. Қалауовамен газет редакциясының бірауызды екенін білдіреді. Яғни, бірінің атынан бірінің сөз алуына орай газет редакциясын Қ. Қалауовамен  сәйкестендіруге (идентификация), ал Қ. Қалауованы газет редакциясымен сәйкестендіруге алып келеді.

Жалпы жауапкер Оңғар Тәжиевтің мақаласының жазылуына талапкер Қ. Қалауованың өзі түрткі болғанын атап өту қажет. Себебі, жоғарыда көрсетілгендей, «Замана» газетінің бірнеше санында қайта-қайта жағымсыз жағынан сөз болған №38 мектептің  жауапкершілікті тұлғалары қоғамнан өздеріне араша іздеуге көшіп, «Оңтүстік таңы» газетіне өтініш хат жазған. Бұл сияқты жағдайлар юрислингвистика ғылымында зерттеу нысаны ретінде қарастырылған. Көп жағдайда жәбірлеушіні я жауапкерді тілдік агрессияға итермелеп, яғни арандатып, соңынан жәбірленуші я талапкер болып табылып жататын тұлғаның мінез-құлығын зерттейтін виктимология саласының психолингвистикалық зерттеулері бойынша, жәбірленуші я талапкер тұлғаның өзі туындап отырған ақпараттық дауға дейінгі өмір ағымында жәбірлеушіні я жауапкерді аталмыш қақтығысқа арандатаны да дәлелденген. Мұндай тілдік қақтығыстарда жәбірленуші я талапкер түрлі манипулятивтік тәсілдер арқылы қарсыласын психологиялық мазасыз күйге түсіреді [3, 4].

Жауапкер Әділ Мұратбеков псевдонимді Оңғар Тәжиевтің «Баланың зары емес жала үні жазғаны «Замананың» деген мақаласындағы мектепте орын алған келеңсіздіктерді алаулатып, «из мухи слона» жасағаннан гөрі, соның енді қайталанбауына қол үшін беру қажеттілігі қат болып тұр сөйлемінде талапкер Қ. Қалауоваға қатысты жағымсыз мәлімет берілген. Мұнда автор мектептен орын алған келеңсіздікті жоққа шығармайды, алайда ол мәселенің дәл осы түрде шешілуіне наразылығы білдірілген. Және «из мухи слона» жасау мақал-мәтелі – автордың жеке шығармашылығы емес, ол көптеген өзара ұқсас типтік ситуацияларды сипаттауда қолданылатын жалпылама бағалау.  Аталмыш сөйлемде талапкер Қ. Қалауова қоғамға жат қылықтардың иесі ретінде сипатталмаған. Ал, кейбір әріптестеріміз ... мыңдаған адамның тағдыры тоғысқан жердің де «ойран ботқасын» шығаруға құмар сөйлемінде «ойран ботқасы» тіркесі тырнақшаның ішіне алынған, яғни тура мағынасында қолданылмаған, дегенмен ұжым ішіндегі бірлікті бұзу, бүлдіру мағынасын эксплицитті түрде білдіреді. Бұл сөйлем талапкер Қ. Қалауоваға тікелей қатысты айтылмаған. Кейбір әріптестеріміз ұжым ішінде бірлікті бұзуға құмар дей келіп, автор талапкер Қ. Қалауованың мақаласын алға тартады. Яғни, көпшілікте кездесетін жағымсыз адами мінез-құлық Қ. Қалауова мақаласы негізінде түсіндіріледі. Қ. Қалауова ұжым ішіндегі бірлікті бұзушы деген тұжырым жоқ. Талапкер Қ. Қалауоваға қатысты мына сөйлемдерде – Ащы шындық сол – «Хайуан... Есек» деп сөйлеу тәрбиелі, көрегенді жанға жат нәрсе емес пе? Газет «қожайыны» мен Қ. Қалауова «удовольствие» алғанымен, газет «байғұс» бұл сөздерді қалай көтереді екен? Аталған мақалада дәлелі жоқ небір сорақылықтарды тізіп беруге Қ. Қалауованың қандай құқығы бар? газеттің эстетикалық ұстанымдарына мақала авторының, газет иесінің ұстанымдарының сәйкес таппауы сынға алынған. Талапкер Қ. Қалауованың қоғамдық-моралдық қағидаларды бұзғандығы я заңға қайшы әрекеттері туралы тұжырым берілмеген.

2. Әділ Мұратбеков деген псевдонимді қолданған Оңғар Тәжиев талапкер Құндызай Қалауованың ар-намысы, абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіру ниетін көздеген бе?

Әділ Мұратбеков деген псевдонимді қолданған Оңғар Тәжиевтің  «Оңтүстік таңы» газетінің 26-ақпан 2010 жылғы 8-9 нөмірінде «Сотта біз жеңдікті ұрандатқан» «Замананың» «қожайыны» заманының қандай болатынына көзі жете ме?» мақаласын және осы газеттің 12-наурыз 2010 жылғы 11 нөмірінде «Баланың зары емес жала үні жазғаны «Замананың» деген мақаласын жариялауына Шымкент қаласы №38 мектеп-гимназия директоры міндетін атқарушы М. Сейітқожаевтің «Оңтүстік таңы» газетіне жазған өтініш хаты себепкер болған. Сондықтан О. Тәжиев талапкер Құндызай Қалауованың ар-намысы, абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіру ниетін көздеді деуге болмайды. Және жауапкердің мақалаларында талапкерге қатысты жағымсыз бағалауыштық мәліметтер берілгенімен, Қ.Қалауованың қоғамдық-моралдық қағидаларды бұзғандығы я заңға қайшы әрекеттері туралы тұжырымдар берілмеген.

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

  1. Әділ Мұратбеков деген псевдонимді қолданған Оңғар Тәжиевтің  лингвистикалық талдауға ұсынылған мақалаларында талапкер Құндызай Қалауова туралы жағымсыз бағалауыштық мәліметтер қамтылған, алайда олар Қ.Қалауованың қоғамдық-моралдық қағидаларды бұзғандығы я заңға қайшы әрекеттері туралы тұжырым түрінде берілмеген.

  2. Шымкент қаласы №38 мектеп-гимназия директоры міндетін атқарушы М. Сейітқожаевтің «Оңтүстік таңы» газетіне жазған өтініш хаты Оңғар Тәжиевтің лингвистикалық талдауға ұсынылған мақалаларды жазуына арқау болған. Бұл О. Тәжиевтің Қ. Қалауова туралы мақала жазуды арнайы мақсат етпегенін көрсетеді. 


Маман,  ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аты-жөні, қолы, мөр



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –Алматы: СөздікСловарь, 1998. – 304 бет.

  2. БАҚ туралы Қазақстан Республикасының Заңы (23.07.1999 ж.;  06.02.2009 берілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге).

  3. Чернышова Т.В. Интерпретация конфликтного текста и комплексный лингвистический анализ (из опыта лингвистических экспертиз)/ Теория и практика лингвистического анализа текстов СМИ в судебных экспертизах и информационных спорах: Сборник материалов научно-практического семинара. Москва, 7-8 декабря 2002 г. Часть 2/ Под ред.проф. М.В.Горбаневского. – М.: Галерея, 2003. – 328 с.

  4. Жельвис В.И. Эмотивный аспект речи. Психолингвистическая интерпретация речевого воздействия: Учебное пособие. Ярославль: ЯГПИ им. К.Д.Ушинского, 1990, 81 с.

  5. Цена слова: Из практики лингвистических экспертиз текстов СМИ в судебных экспертизах и информационных спорах: Сборник материалов научно­практического семинара. Часть 2. ­М., 2002.

  6. Словарь основных терминов судебных экспертиз. ­М., 1980.

  7. Бельчиков Ю.А. Размышление по поводу. – В кн. Цена слова: Из практики лингвистических экспертиз текстов СМИ в судебных процессах по защите чести, достоинства и деловой репутации / Под. ред. проф. М.В.Горбаневского –3-е изд., испр. и доп. – М.: Галерия, 2002.  – 424.

  8. Стандартная методика исследования объектов, содержащих признаки оскорбления чести, достоинства и деловой репутации личности. Пособие для экспертов. ­Алматы:  изд. ЦСЭ МЮ РК, 2002.

  9. В.С.Ли и др. Лингвистическое исследование конфликтного текста в юридической практике / Р.Д.Қарымсақова, Р.Б.Тапалова. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 146.

  10. Понятия чести, достоинства и деловой репутации: Спорные тесты СМИ и проблемы их анализа и оценки юристами и лингвистами. Изд. 2­е, перераб. и доп. ­М., 2004.

  11. Голев Н.Д., Матвеева О.Н. Значение лингвистической экспертизы для юриспруденции и лингвистики. – В кн. Цена слова: Из практики лингвистических экспертиз текстов СМИ в судебных процессах по защите чести, достоинства и деловой репутации / Под. ред. проф. М.В.Горбаневского –3-е изд., испр. и доп. – М.: Галерия, 2002.  – 424с.

  12. Голев Н.Д. От редактора: Юрислингвистика: на стыке языка и права // Юрислингвистика-1: Перспективы: Межвузовский сборник научных трудов. – С. 4-11.

  13. Голев Н.Д. Юридический аспект языка в лингвистическом освещении // Юрислингвистика-1: Перспективы: Межвузовский сборник научных трудов. – С. 11-58.

  14. Политкорректность в СМИ Казахстана: поиск гармонии. ­Алматы: "Әділ сөз",  2007.

  15. Қарымсақова Р. Лингвистикалық қауіпсіздік / Жүз жағдай ­ жүз кеңес. Журналистерге көмек.  ­Алматы: "Әділ сөз",  2007. ­ 91­142­б.

  16. Таусоғарова А.Қ. Сот-лингвистикалық сараптама мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2006. – 103 б.

Будьте в курсе

С нашей рассылкой новостей вы будете в курсе свежих фактов нарушений свободы слова в Казахстане

Альбом
Помощь