Тіркеліңіз, күтеміз!

Қымбатты әріптестер және жалпы барша қауым,

Сөз бостандығын қорғау халықаралық «Әділ сөз» қоры «Әлеуметтік желі мен блогосферада қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік идеясын алға жылжыту» жобасын бастауда. Бұл – әр отбасы мен әрбір азамат үшін өте маңызды тақырып екені сөзсіз. Себебі (және бәріне белгілі!) тек бейбіт өмір мен жағымды қатынаста ғана жарқын болашақ туралы ойлауға және оны алға жылжытуға, сондай-ақ, тек бейбітшілікте балаларды өсіріп, бақытты өмірге қол жеткізуге болады.

Біз, «Әділ сөз» (Адил соз, Adil Soz) қоры бұл тақырыпты сонау 2004 жылдан бері көтеріп келеміз. Сөз бостандығына, азаматтардың өз пікірін білдіруге, ақпаратты заңды жолмен іздеуге, таратуға құқық беретін Конституцияның 20-бабын алға жылжыту барысында журналистермен, блогерлермен, белсенділермен және қарапайым азаматтармен жұмыс істеп жүрміз.  SMM мастер-класс, семинар, тренинг өткізуді, әдептілік пен заңнаманы сақтай отырып, өзекті тақырыптарды талқылап, мақалалар жариялауды, пост жазуды және ең жақсы жарияланымдарға қаламақы жоспарлап отырмыз . Біздің ойымызша, даулы мәселелерді қарастырудың екі жолы бар екенін, конфликтогеннің не екенін елдің бәрі біле бермейді.

SMM сабақтары 2018 жылдың мамыр айының соңғы аптасына жоспарланып отыр.

Біз сіздерден Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (cisc.kz) демеу көрсетіп отырған ақпараттық науқанды қолдап, таратып, коммент қалдыруды өтінеміз.

Біздің жобаға қатысу үшін хабарласыңыз: azhenovagaliya@mail.ru; info@adilsoz.kz; facebook Ғалия Әженова (Galiya Azhenova),

whats аpp 8 701 400 79776, офис 8 727 2910463, 8 727 2910437 malygina@adilsoz.kz; Елена Малыгина, 8 705 700 1322, whats аpp 8 707 700 1322,

офис 8 727 2910463, 8 727 2910437

Новости по теме
фонд "Адил соз" начинает рассылку информации на казахском и английском языках.
11.05.2018
Как утверждает М. Дуамбеков, поводом для обвинения в нарушении условий ограничения свободы стала его поездка на похороны в Кызылорду, заявление на которую затерялось где-то в архивах местных структур уголовной-исполнительной системы
04.05.2015
Будьте в курсе

С нашей рассылкой новостей вы будете в курсе свежих фактов нарушений свободы слова в Казахстане

Альбом
Помощь