Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қарағандыда ҚазТАГ журналистіне шабуыл жасалды

18 тамыз 2023

Жұма күні кешке ҚазТАГ ақпарат агенттігінің редакциясы Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Диана Сапарқызына жасалған шабуыл туралы хабарлады. Журналист «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының «Казахстанская» шахтасында болып жатқан оқиғадан хабар тартты. Соңғы мәлімет бойынша өрт кезінде үш кенші қаза тапты. 

Диана Сапаркызы: «Маған ірі денелі ер адам шабуыл жасады, телефонымды тартып алып ондағы кейбір файлдарды өшіріп үлгерді», - деді. 
Журналист шабуылдаушыны видеоға түсіріп алған. Ол тіпті бетін жасыруға тырыспаған. 

«Әділ сөз» қоры мұны журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі (ҚР ҚК 158-бабы)  ретінде қарастырады және Диана Сапарқызына құқықтық көмек көрсетеді.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз